Подкаст #7: Ислам және Тренинг l Ұстаз Арман Қуанышбаев, Сәбит Бескемпіров, Жанболат Сапашов

Описание к видео Подкаст #7: Ислам және Тренинг l Ұстаз Арман Қуанышбаев, Сәбит Бескемпіров, Жанболат Сапашов

Подкаст-7: Ислам және Тренинг


Подкасттың кезекті сериясы көрермендер үшін ерекшелікке толы болғалы тұр әрі қонақтары да ерекше жандар.

Алдыңғы стористерден көргендей, Кентау қаласындағы "Бала би қари" Құран жаттау орталығының директоры, дінтанушы, қари, коуч, рухани тәлімгер Арман Қуанышбаев пен ұстаздың Алматы қаласындағы амбассадоры, шәкірті, кәсіпкер-блогер Сәбит Бескемпіров арнамыздың қонақтары болды.

Арман ұстазбен шәй үстіндегі әңгімеге арқау болған тақырып - бизнес-тренинг, семинар сынды заманауи кәсіп көздеріне ислам дінінің бағасы.

Тұрмыстық бәсекелестік пен әлеуметтік желілердің дамуы - қоғамда бизнес тренерлер мен түрлі семинарлар, марафондарға сұраныстың артуына алып келді.

Сәйкесінше, адал ілімімен мал тапқандар да, "аңқау елге арамза молданың" күйін кешкен тренерсымақтар да көбейіп кетті. Батыстық дамудың бағытын үйретем деп батпағына батып кеткендердің де қарасы аз емес.

Сұқбат барысында қазіргі инфобизнес, семинар-тренинг, олардың пайда-зияндары, сондай-ақ, жиі кездесетін қателіктер мен өзектілігі қозғалды.

Тайм-код:

2:56 Инфобизнестің пайда болуы, шығу тарихы
7:46 Тренингтерге қатысудың қаншалықты пайдасы мен зияны бар?
12:00 Мұсылман дамуы үшін тренингке қатысуы міндетті ме?
13:52 Неге әйелдер тренинг, марафонға қатысуға құмар?
16:33 Аңқау елге арамза тренерлер жайлы
29:35 Тренинг билетін алдап сату жайлы
33:20 Плагиат тренерлер жайлы
38:05 Тренинг шариғатқа қарсы нәрселерді үйретсе...
42:27 Ислам ғұламаларына тіл тигізген тренер туралы
46:06 Аффермация, визуализация
54:12 Медитация жайлы
57:52 Зікірдің күші
1:07:50 Миллионер болу оңай ма?
1:15:17 «Сенің құның сенің тапқан ақшаңа байланысты...»
1:22:47 Арман ұстаз діни тренинг арқылы ақша тауып жүр ме?
1:31:40 Діни марафондарды ақылы өткізуге бола ма?
1:36:15 Шамиль Аляутдинов жайлы
1:39:00 Бизнес тренинтерге қатыспай-ақ бай болу мүмкін бе?
1:40:47 Қазіргі тренингтердегі қателіктер
1:48:05 Қандай тренингтерге қатысуға кеңес бересіз?

Ислам ақпараттық ағарту порталы
Алматы қаласы
Бостандық ауданы
🕌"Орбита-3" мешіті
t.me/mihrab_kz
instagram.com/mihrab.kz

Комментарии

Информация по комментариям в разработке